Шығынды қалай қосуға болады?

Біреу топқа ортақ нәрсе үшін төлегенде шығын қосыңыз. Сақтаған бойда SplitEase барлығының балансын жаңартады.

Қадамдар

  1. Қойындылар жолағының ортасындағы + түймесін түртіңіз немесе топты ашып, Шығын қосу (Add expense) түймесін түртіңіз.
  2. Жоғарыдағы топты тексеріп, Сома (Amount) мен шығынның не үшін екенін енгізіңіз.
  3. Төлеген (Paid by) бөлімінде кім төлегенін таңдаңыз.
  4. Бөлу (Split) бөлімінде шығынды кімдер және қалай бөлетінін таңдаңыз. Әдепкіде тең бөлінеді.
  5. Сақтау (Save) түймесін түртіңіз.

SplitEase сипаттамаға қарап санат ұсынады. Оны сақтамас бұрын өзгертуге болады.

Басқа валютада төлеу үшін соманың жанындағы валюта белгісін түртіңіз.

SplitEase қолданбасы әзірге бұл тілде жоқ. Жақша ішіндегі түйме атаулары экранда көретін атауларыңыз.

Ұқсас сұрақтар

Әлі де көмек керек пе?

Бізге жазыңыз, SplitEase командасының қызметкері жауап береді.

Қолдау қызметіне жазу
Тіл: Қазақ